Биржадағы теңге бағамы өзгерген жоқ

8 мамыр, жұма күнгі мәлімет бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы бейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда өзгеріссіз қалды, яғни бір долларға шаққанда 150,46 теңгені құрады.


Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 67,935 млн долларды құрады. Ал бейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 58,250 млн долларды құраған болатын.