Бакуде шеруге қатысқан ондаған адам тұтқындалды

Азаттық радиосы Әзірбайжан қызметінің хабарлауынша, жексенбі күні Бакуде ондаған адам бірнеше сағатқа тұтқындалған. Бұрынғы президент Гейдар Алиевтің туған күнін атап өту шаралары барысында 50-ге жуық жастар бейбіт шеруіне шыққан болатын. Олар билік орындарын сәуірдің 30-да университетте орын алған атыстан құрбан болғандарға байланысты аза тұту күнін жариялауға шақырды. Бұл туралы жастар тобының жетекшісі Эмил Милли мәлімдеді. Әлгі оқиғада 13 адам қаза болған еді.