Саакашвили оппозиция өкілдерімен кездеседі

Оппозиция өкілінің айтуынша, кездесуге оппозиция жақтан 4 басшы қатыспақшы. Грузияда бір айға созылып кеткен саяси теке-тірес мамырдың 11-не жоспарланған ол кездесу барысында талқыланбақшы. Өткен сәрсенбіде Тбилисиде полиция мен оппозициялық шерушілер арасында қақтығыс болған-ды. Президент Михаил Саакашвили сол қақтығыстан бірнеше күн өткеннен кейін ғана оппозиция өкілдерімен кездесуге келісті. Сенбі күні бірнеше мыңдаған шерушілер президент Михаил Саакашвилидің биліктен кетуін талап етіп, көшелерге шығысты.