Сирияда ондаған шеруші өлтірілді деп хабарланды

Сириялық адам құқын қорғаушы топтардың айтуынша, жұма күні Сирия қауіпсіздік күштері президент Башар әл-Асадтың биліктен кетуін талап етіп шыққан 60-тан астам шерушіні өлтірген.

"Сауасиях" тобының мәліметінше, Дераа, Рустун, Латакия, Хомс және Қадам қалаларында 62 адам өлтірілген. Бұл топ өзінде құрбан болғандардың аты-жөндері бар екенін айтып отыр. Сириядағы адам құқығын бақылау ұйымы да жұма күні Сирияда ондаған адамның қаза болғандығын хабарлады.

Сирия билігінің айтуынша, сәуірдің 29-да "лаңкестік топтар" қауіпсіздік күштерінің 9 мүшесін өлтірген. Мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дераа қаласында қауіпсіздік күштері 156 адамды қамауға алған.

Жұма күні ондаған мың наразылық танытушылар көшеге шығып, Асадтың биліктен кетуін және саяси бостандықтарды талап етті.