АҚШ президенті Барак Обаманың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісінің жексенбіде берген сұхбаты Кабул қаласында Ауған университеттерінің бірнеше жүздеген студенттерінің шеруінен кейін болған еді. Кеңесші сондай-ақ азаматтар өлімін азайтуға ұмтылысты екі есеге көбейтетіндерін айтты. Кабул студенттері өткен аптада АҚШ әуе шабуылдарынан 100-ден аса қарапайым азамат қаза болды деген ресми хабардан кейін ол шабуылдарға наразылық танытқан болатын. АҚШ әскерилері аталған азаматтар өлімдері себебін зерттеуде.