Молдова президенттік сайлауы 20 мамырға белгіленді

Келесі аптадағы сайлауға түсу үшін үміткер кем дегенде 61 депутаттың қолдауына ие болуы тиіс. Қазіргі президент Владимир Воронин-елдегі Коммунистік партияның жетекшісі. Конституция бойынша бұл қызметінен кетуі тиіс Воронин жаңа парламент төрағасы боп сайланды. Коммунистердің парламентте қазір 60 өкілі бар.