Сондықтан Түркия үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоған ресми Ереван Таулы-Қарабақ жанжалын шешпейінше Армениямен арадағы шекарасын ашпайтындарына уәде берді. Ердоған аталған уәдесін Бакуде, Әзірбайжан президенті Илхам Алиевпен баспасөз мәслихатында берді. Түркия мен Армения, татуласу мақсатында, арадағы шекараларын қайта ашуға ниеттенген еді. Бұл қадам ресми Бакуде мазасыздық туындатқан болатын. Түркия Таулы-Қарабақ жанжалына наразылық ретінде, 1993 жылы Армениямен шекарасын жауып тастаған еді.