Ауғанстанның оңтүстігінде қастандық шарасының салдарынан 5 кісі құрбан болды. Хабарға қарағанда, жанпидашыл-содыр Спин Болдак қаласында өзінің автокөлігін жарып жіберді. Полицияның есептеуінше, жанпидашыл-содырдың көздегені жарылыс болған жерге жақын орналасқан полиция кеңсесі болса керек.