Түркменстан 1,700 сотталғанға рахымшылық жариялайды

Түркменстан түрмеде отырған шамамен 1,700-дей сотталғанды, оның ішінде 29 шетелдікке рахымшылық жариялап, бостандыққа шығармақшы. Бұл туралы жұма күні президент Гурбангулы Бердімұхамедов теледидардан айтты.
Рахымшылық шарасы туралы әзірге басқа мәліметтер анықталмады.
Түркменстанда түрмеде отырғандардың саны белгісіз, бірақ адам құқын қорғаушы топтар бұл елде саяси тұтқындар бар екенін айтады.
Түркменстан жыл сайын мыңдаған сотталғанға рахымшылық жариялап келеді. Адам құқын қорғаушы ұйымдар бұл Түркменстанның құқық пен демократияны сыйлайтындай етіп елдің беделін көрсету үшін жасаған "популистік қадамы" деп отыр.