Үкімет басшысы Иво Санадердің басшылығындағы Хорватия демократиялық одағы жеңіліске ұшырайтын сыңайлы. Себебі сайлаушылар экономикалық дағдарысты ауыздықтаудағы үкімет әрекетіне көңілдері толмауда. Оппозициялық Соцал-демократтар бұл жағдайды жеңіске барар жолда пайдалана ала ма, жоқ па әзірге белгісіз. Сондай-ақ жаңа заң бойынша тәуелсіз жеке үміткерлер қала әкімі мен аймақ басшылығына тікелей сайланатын болды. Бұдан бұрын ол қызметтерге партия арқылы сайланғандар отырушы еді.