Обама Мәскеуде шілденің 6-8 аралығында болады

Ақ үйдің айтуынша, АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев ядролық қаруды азайту және зымыраннан қорғаныс саласында әріптестік орнату жолдарын талқылайтын болады. АҚШ-тың Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату туралы Вашингтон жоспарына орай, тараптар түрлі бағыттағы көзқарасты ұстануда. Обама Ресейден кейін, Үлкен 8-дік саммитіне қатысу үшін, Италияға барады. Содан кейін Африкаға алғашқы ресми сапары жалғаспақшы.