ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаментінің бастығы болып Александр Кулинич тағайындалды, — деп хабарлады министрліктің ақпарат және тіл саясаты департаменті бастығының міндетін атқарушы Қуанышбек Жұманов.

Қуанышбек Жұмановтың мәліметінше, жаңа қызметке тағайындалған полиция генерал-майоры Александр Кулинич ішкі істер органдарында 1984 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Астраханьда аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, ҚР ІІМ криминалды полиция департаментінде жетекші қызметте болған. Соңғы уақытта ҚР ішкі істер министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.