Литвада бірінші әйел президент сайланды

Еуропа Одағының бюджет бойынша комиссионері Даля Грибаускайте Литвада бірінші рет әйел президент болып отыр. Балтық еліндегі жексенбі күнгі президенттік сайлаудың алғашқы сатысында Грибаускайте ресми көрсеткіштерге қарағанда шамамен 69 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.
Сайлау комиссиясының мүшелері хабарлағандай, дауыс беруге 51 пайыз халық жиналғандықтан, сайлаудың екінші сатысын өткізудің қажеттілігі жоқ.
Тәуелсіз кандидат болып сайлауға түскен 53 жасар Даля Грибаускайте екі жыл қатарынын президент болған Валдас Адамкустың орнына келеді.
Грибаускайте Литваны экономикалық дағдарыстан шығару үшін қаржылық тәжірибесін пайдалануға сөз берді.