Оңтүстік Осетия мен Абхазияға жіберілетін күштер санын азайтамыз, дейді Ресей. Грузияның аталған жікшіл аймақтарының әрқайсысына, алғашқы жоспар бойынша, 3800-дей әскери жіберіледі делінген еді. Алайда аз көлемде жіберіледі деген сол әскер саны әзірге белгісіз. Сондай-ақ ол аймақтарға қазірге дейін қанша ресейлік күштер орналастырылғаны да түсініксіз.