Ресей Арктика кеніштерін бірлесіп игеруге Норвегияны шақырды

Ресей президенті Дмитрий Медведев аталған ұсынысты Норвегия үкімет басшысы Йиенс Столтенбергпен Мәскеудегі кездесуі кезінде жасады. Ресей, АҚШ, Канада, Дания, Норвегия елдері Арктика аймағына иелікке қатыстары барын айтуда. Мұндай ұмтылыстар жылымықтану кесірінен мұздықтардың еріп, Арктикаға апаратын жолдардың көбейе түсуіне байланысты күшеюде. Арктикада жер шарындағы барлық мұнай мен газ көздерінің 25 пайызы бар дейді зерттеулер.