Иранның Күзетшілер кеңесі маусым айындағы президент сайлауына тіркелген 4 үміткерді мақұлдады. Мехр ақпарат агенттігінің хабарлауынша, үміткерлердің арасында қазіргі президент Махмуд Ахмадинежад пен бұрынғы премьер-министр Мир Хоссейн Муссави және бұрынғы парламент спикері Мехди Карруби мен Иранның төңкерісшіл күзетшілерінің бұрынғы қолбасшысы Моһсен Резай бар.