Қарағанды облыстық прокуратурасы «АРТ» телекомпаниясын жауапқа тартпақшы

Қарағанды облыстық прокуратурасы «АРТ» телекомпаниясының үстінен сотқа шағым түсірді. Қадағалаушы орган сот арқылы телеарнаны хабар таратуға берілген лицензиясынан айыруды талап етті.

Бұған SMS-чат арқылы теледидар экранына шығарылған экстремистік –ұлттық мазмұндағы мәтін себеп болған.

Телекомпания басшылығы сырттан келетін SMS-хабарламаларды қадағалауға міндетті қызметкерлердің немқұрайдылығынан қатенің кеткенін мойындап оған кінәлі адамдардың жұмыстан шығарған, бірақ прокуратура өкілдері істі сотқа жеткізуді жөн көрген.

Ертең осы дерек бойынша алғашқы сот отырысы өткізіледі.