Оппозиция жетекшілеріне үкім шығарылмақ

Бүгін сағат 17.00-де Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында оппозиция жетекшілеріне қатысты іс бойынша сот үкімі жария етіледі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов, «Шаңырақ» қозғалысының жетекшісі Асылбек Қожахметов пен Қазақстан Коммунистік партиясының хатшысы Төлен Тоқтасыновтар «қылмысты бүркемеледі», ағайынды Байсақовтарға Украинадан саяси баспана әперуге көмектесті деп айыпталған болатын.