БҰҰ Пәкістан босқындары үшін 543 миллион доллар сұрауда

Пәкістан астанасы Исламабадта мамырдың 22-де бастаған аталған шарасы барысында, БҰҰ саны тез өсіп жатқан босқындар өмірін жеңілдетуге ол қаржының жұмсалатынын айтты. Пәкістан ресмилерінің айтуынша, ел әскерінің Талибанға қарсы Суат жазығындағы шайқасы барысында 1 миллион 900 мыңдай адам босып кеткен.

АҚШ жасағы бас қолбасшысының айтуынша, АҚШ күштерінің Ауғанстанның оңтүстігінде Талибанға қарсы жүргізіп жатқан шабуылы ол қарулыларды Пәкістанның түкпіріне қарай тықсыра түсетін болады.