Ирақ сауда министрі қызметінен кетті

Ирақ премьер-министрі Нури әл-Малики жемқорлық айыптарына байланысты сауда министрінің қызметінен кету жөніндегі арызын қабылдады. Абдул Фалаһ әл-Судани бұл арызын мамырдың 14-де тапсырған болатын.

Жемқорлық бойынша парламенттік комиссия министрдің екі бауырын миллиондаған доллар пара алды деп айыптады. Қазір Ирақта жемқорлыққа қарсы үкіметтік науқан жүруде.