Алматыда трансшекаралық жерасты сулары жөнінде семинар өтеді

Ертең Алматыда Орталық Азия мен Кавказдағы трансшекаралық жерасты сулары жөнінде семинар басталады.

«Семинардың мақсаты — Орталық Азия мен Кавказдағы трансшекаралық жерасты сулары жөнінде ақпарат алмасу», — деді ЮНЕСКО –ның Алматыдағы кластерлік бюросының басшысы Тарья Виртанен.

Екікүндік семинар барысында оған қатысушылар ЮНЕСКО басқаратын каталогқа аталған елдерден жерасты сулары жөнінде мәліметтер жеткізу туралы келісімге келеді деп жоспарлануда.