Бүгін-Грузияның Совет үкіметінен тәуелсіздігін жариялаған күні

60 мыңдай адам сиятын футбол стадионы қазірдің өзінде оппозициялық шерушілерге толды. Содан кейін олар қала көшелерімен жүріп өтіп, президент Михаил Саакашвилидің қызметінен кетуін талап етпекші. Ел ресмилері шерушілермен қақтығысты болдырмас үшін тәуелсіздік күніне арналған әскери парадты тоқтатып тастаған болатын. Оппозициялық партиялар Саакашвилидің қызметтен кетуін талап етіп, 6 аптадан бері күн сайын дерлік шеру өткізуде.