Либия Украина жерінде астық егуге келісті

Либия Украинаның 100 мың гектар жерінде астық егіп, оны Либияға экспорттауға келісіп отыр. Либия премьер-министрі әл-Бағдади Али әл-Махмоудидің айтуынша, Либия сондай-ақ Украинаның ауылшаруашылық және мұнай өңдеу саласына қаржы құймақшы. Махмоуди бұл жайында өз еліне сапармен келген Украина премьер-министрі Юлия Тимошенкомен бірге баспасөз мәслихатын өткізгенде айтты.
Сонымен қатар Либиядан еліне оралған Тимошенко астық жөніндегі келісім қол қоюға дайын деп айтты.