Алматының мыңдаған оқушыларына орын жетіспейді

Бұл туралы бүгін мәслихат депутаттарының тыңдауында Алматы қалалық білім басқармасының төрайымы Рахат Шимашева мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» ақпарат агенттігі.

"Мектептердегі орын тапшылығы өзекті күйінде қалып отыр. Егер осыдан үш жыл бұрын оқушы орындарының тапшылығы 33 мың 772 болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 11 291-ге дейін азайды", - деді Р. Шимашева.

Cондай-ақ Р. Шимашева, егер 2010 жылдан бастап 12-жылдық білім беру енгізілсе және 9 және 11 сыныптарды бітіретіндер мен бірінші сыныпқа 16 543 бала қабылданатынын ескерсек (8 957 алты жасар және 7 946 жеті жасар), келесі жылғы орын тапшылығы 5 921 орынды құрайтынын ескертті.

Р. Шимашеваның айтуынша, бүгінде Алматыда мектепке дейінгі оқу орындары да мүлдем тапшы. Тапшылық - 24 500 орынды құрайтын көрінеді. Бұл өзекті мәселені шешу мақсатында 2009 жылы "Ұлжан", "Шаңырак-1", "Рабочий поселок" ықшамаудандарында үш балабақша және қазіргі бар балабақшаларға қосымша екі ғимарат салу жоспарланған екен.