АҚШ және Оңтүстік Корея күштері, мамырдың 28-де Солтүстік Кореяның ядролық сынағынан кейін ол елмен арада туындаған теке-тіреске байланысты, 2006 жылдан бергі ең жоғарғы әзірлік деңгейіне жеткізілді. Ресми Пхеньян, егер ядролық жүктер іздеп, оның кемелерін тінтетін болса, онда аталған одақтастар күштеріне қарсы соққы беретінін сәрсенбіде мәлімдеген болатын. Пхеньян сонымен бірге Корей түбегіндегі соғысты тоқтатқан, 1953 жылы қабылданған бейбіт келісімнен де бас тартып отыр. АҚШ-тың 28.500-дей әскері Оңтүстік Кореяда орналасқан.