Әл-Қаида жетекшілері президент Обаманы сынауда

Бүгін әл-Жазира телеарнасы әл-Қаида жетекшісі Осама бин-Ладеннің даусы делінген таспаны көрсетті. Онда АҚШ президенті Барак Обамаға қарсы айыптаулар айтылған. Және онда Барак Обама Джордж Буштың істерін жалғастырып отыр делінді.
Бұл аудиотаспаның түпнұсқасы тәуелсіз тұрғыда расталмады.
Осының алдында әл-Қаида ұйымындағы екінші адам Айман әл-Зауахари мысырлықтарды Обаманың “боямалы сөзіне” сеніп қалмаңдар деп, оның айтқанын тыңдамауға шақырған.
Барак Обама бейсенбі күні Қаир қаласында мұсылман әлеміне арнап сөз сөйлейді.