Ақтау форумы теңіз жағалауының инфрақұрылымын дамытуға арналмақ

Ертең Ақтауда «Ақтау оффшор-2009» форумы басталады, — деп хабарлайды ҚазТАГ. Маңғыстау облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, форум жұмысы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы оффшорлық операцияларды қолдау үшін теңіз жағалауының инфрақұрылымын дамытуға арналмақ.

Форум барысында мұнай-газ саласының инвестициялық жобасындағы мемлекеттік және жеке серіктестікті дамыту, «қазақстандық мөлшерді» арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселесі сөз болады.