Обама мұсылман әлемімен қарым-қатынастарды жаңадан бастауға шақырды

Президент Барак Обама АҚШ пен мұсылман әлемі арасында жаңа қарым-қатынастар кезеңін бастауға шақырды. Қаир университетінде жасаған мәлімдемесінде Обама Америка мен Ислам арасында бәсеке болмауы тиіс, қарым-қатынастар өзара мүдде мен өзара құрметке негізделуі керек деп атап көрсетті.

Обаманың айтуынша, зорлық-зомбылық жасайтын экстремистер Батыс пен мұсылмандар арасындағы шиеленісті жағдайды пайдаланды. Ислам - проблеманың бөлігі емес, ол бейбітшілікті алға тартатын дін деді Обама.