Астанадағы Пәтер иелерінің кооперативі төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана қалалық қаржы полициясы Пәтер иелерінің кооперативі төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігі.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қалалық Пәтер иелері кооперативінің төрағасы Н. деген азаматқа қатысты монша кешеніне сатып алу-сату келісім-шартын өзінің атына алаяқтық жолмен рәсімдеп, кооперативке 23,9 млн теңгеге залал келтіргені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 177- бабының 3-тармағының «б» тармақшасы бойынша (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғаған.