Шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасын дамыту көздерін талқыға салмақ

Қостанайда 12 маусымда ҚР президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің (СИИ) отырысы өтеді. Бұл жолғы форумның тақырыбы: «Әлемдік қаржы нарықтарындағы өзгермелі ахуал жағдайында Қазақстан экономикасын әрі қарай дамытуға арналған баламалы қаржы көздері» деп аталады.

ҚР президенті мен қазақстандық қаржы-экономикалық ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысатын форумға шетелдік инвесторлардан Еуропалық қайта құрылымдау мен даму банкінің (ЕБРР) президенті Томас Миров, сондай-ақ Азия даму банкі (АБР), британдық RBS мен Barclays Capital және швейцариялық UBS компанияларының өкілдері келеді.

Шетелдік инвесторлар кеңесі Н.Назарбаевтың бастамасымен 1998 жылғы маусымда Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлармен ашық диалог алаңы және кеңесу органы ретінде құрылған.