Лукашенко: Ресей несие беруді саясаттандыруда

Беларус президенті Александр Лукашенконың айтуынша, Ресей оған: Кремльден 500 миллион долларлық несие алуың үшін Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындауға тиіссің деген екен-міс. Лукашенко бұл мәлімдемесін ресми Мәскеуден, өткен аптада, несие ала алмағаннан кейін жасаған болатын. Кремль бұл айыптауды мойындамауда.