Клинтон Түркияны мадақтады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Түркияны Армениямен қарым-қатынастарын қалпына келтіруге бағытталған келіссөздері үшін мадақтады. Осы аптада Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу Вашингтонда Клинтонмен кездесіп, аталған мәселе жайында хабарлаған болатын. Түркия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезекті төрағасы болды.

1993 жылы Түркия Таулы Қарабах жанжалына байланысты Әзірбайжанға қолдау көрсету үшін Армениямен арадағы шекарасын жапқан еді.