Ресей, Беларусь және Қазақстан ДСҰ-на мүшелікке бірігіп өтуді қарастырады

Бүгін Ресей премьер-министрі Владимир Путин Ресей, Беларусь және Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына бір блок ретінде мүше болуды көздейді деді.
Путин сонымен қатар бұл елдердің ДСҰ-на қосылу жөніндегі жекелеген келіссөздері енді тоқтайтын болады деді.
Ресей премьер-министрі бұл жайында Мәскеуде өткен аталмыш елдердің үкімет басшыларымен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, үш елдің премьер-министрі осындай шешім қабылдады.