Екібастұздың орталық дәріханаларының бірінде психотропты препараттар еркін сатылып келген. Сатып алушылар мұндағы заттарды ақшаға ғана емес, ұялы телефондары мен суық қаруларын, құжаттарын кепілдікке қалдырып алып жүрген. Есірткі қолданушылар арасында бұл дәріхана аса танымал болған.
Тексерушілер ол жерден әсері күшті 2 мың таблетка психотропты препарат тауып алған. Мұндай заттарды еркін сатуға тиым салынған. Дәріхананың иесі Екібастұз қаласының 50 жастағы тұрғыны. Бірақ ол әйелге қылмыстық қауіп төніп тұрған жоқ, ол бар-жоғы әкімшілік айыппұл төлейді. Бұған қоса оның фармацевтика бизнесімен айналысуға берілген лицензиясын алып тастауы мүмкін.