Ирақ базарындағы жарылыстан 19 адам опат болды

Ирақтың Баса қалашығындағы базарда орын алған жарылыстан қаза болғандардың саны 19-ға жетті. Насирия қаласының жанында болған көлік жарылысынан сондай-ақ шамамен 60 адам жарақат алды. Насирияда негізінен шиит мұсылмандары тұрады.

АҚШ әскерилері Ирақ қалаларынан осы айдың аяғына дейін шығарылады деп күтілуде.