Парламент қабылдаған заң жобасына журналистер қарсылық білдіруде

ҚР Парламент сенаты «Ақпараттық-коммуникациялық желі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасының негізгі мақсаты интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру мәселелерін реттеудің құқықтық тетігін заң жүзінде бекіту және азаматтар мен заңды тұлғалардың осы саладағы конституциялық құқығын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасы негізгі ұғымдарды айқындайтын және ақпараттық-коммуникациялық желілерде мәліметтерді беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелерді бекітуді көздейді.

Заң жобасында қолданыстағы «веб-сайт» ұғымын «интернет-ресурс» ұғымымен өзгерту көзделеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында «интернет-ресурс» сияқты бірыңғай терминологияны қолдану әртүрлі мағынадағы түсіндіру мен қиыншылықтарды жоюға ықпал етеді.

Қазақстан журналистерінің ұйымдары аталған заң жобасының қабылдануына үзілді-кесілді қарсы болып отыр.