ІІМ пара алудан бас тартқан полицейлерді марапаттамақ

«ҚР ІІМ пара алудан бас тартқан және жемқорлық әрекеттер туралы басшылыққа хабарлаған қызметкерлерді моральдық және материалдық тұрғыдан марапаттау жөнінде шаралар әзірлеуге кірісті», — деп мәлім етті ІІМ жеке қауіпсіздік департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Александр Кулинич «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ІІМ-нің 2009-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жоспарында осындай мәселе қарастырылған.

«Егер қызметкер пара алудан бас тартқан жағдайда 30-35 мың теңге сыйақы алатынын білсе, заңға қайшы әрекетке бармас бұрын жүз мәрте ойланады. Полиция қызметкерлерінің мардымсыз жалақысын (30-35 мың теңге) есепке алсақ мұндай тәсіл адал жұмыс істеуге бағыттайды деп ойлаймын», — деді генерал-майор.