Ирақ басшылары сүнні депутат жаназасына қатысты

Ирақ басшылары Харис әл-Обейдиді соңғы сапарына шығарып салу рәсіміне қатысулары арқылы елдегі фракциялар арасындағы татулыққа жік түсіргісі келетіндерге қарсы өздерінің бірлікте екендерін көрсетті. Парламенттегі ірі сүнні блогының басшысы болған ол марқұммен қоштасу Бағдаттағы Келісім орталығында болды. Харис әл-Обейди жұма намазынан шығып келе жатқанында, мешіт қасында оққа ұшты. Үкімет басшысы Нури әл-Малики оқиғаны зерттеуге бұйрық берді.