Қамаудағы Қажымұрат Маерманов өзіне өзі қол жұмсауға ұмтылған

«Билігін асыра пайдаланды» деген айып тағылып, қамауға алынған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов өзіне өзі қол жұмсауға ұмтылып, мойнын қайшымен жарақаттаған, — деп хабарлайды Новости-Казахстан.

Агенттіктің мәліметінше, «бірнеше күн бұрын жауап алу кезінде ол тергеушінің үстелінде жатқан қайшымен мойнын жарақаттап, ауруханаға жатқызылған, қазір оның денсаулығы жақсы, бірақ өте жабырқаулы күйде».

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қ.Маерманов Қазақстанға Израиль әскери кәсіпорынының мүддесін көздеп келген Борис Шейнкманның ісі бойынша ұсталып, Израилмен арада 2006 жылы жасалған қару-жарақ келісіміне қатысты заң бұзушылықтарға байланысты қамауға алынды.