Мусави жоспарланған шеруді кейінге қалдырды

Ирандағы президент сайлауында жеңілген үміткер Мир Хоссейн Мусави өз қолдаушыларын «өмірлерін қорғау үшін» бүгін Теһранда жоспарланған шерулерге қатыспауға шақырды. Соңғы күндері Иран астанасы мен басқа да қалаларда президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына байланысты наразылық шаралары ұйымдастырылды.

Дүйсенбі күні Теһранда өткен шерулерде 7 адам қаза тапты деп хабарланып отыр.