АҚШ Иранның ішкі мәселелеріне араласқысы келмейді

Иранның ішкі мәселелеріне Вашингтонның араласуы демократияға да, АҚШ-тың имиджіне де пайда әкелмейді, — деді АҚШ президенті Барак Обама.

Бұған қоса Америка басшысы Ирандағы президент сайлауының әділдігіне байланысты «өзінің қатты алаңдаушылығын» білдірді. Барак Обаманың айтуынша, елдегі сайлауға байланысты тәртіпсіздіктер мен қоғамның ресми сайлау қорытындысын мойындағысы келмегендігі Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеиді терең ойға салды.