«Азат» партиясына қол жинаушыларға еңбекақы мен тұрақсыздық айыбы төленетін болды

Павлодарда «Азат» партиясына жасалған шағым бойынша сот ісі аяқталды, — деп хабарлайды ҚазТАГ. Шағымды Қазақстан президентіне «Азат» партиясына қол жинаған партия мүшелерінің өздері түсірген. Бұл шағымда азаматтар партияның Павлодардағы бөлімінің екі айлық еңбектеріне ақы төлеуге берген уәделерін әлі күнге орындамағанын айтады.

Сотта қол жинаушылардың талаптарының кейбірі қанағаттандырылды. Сонымен сот шешіміне сәйкес, шағымданушыларға ай сайын төменгі мөлшердегі жалақы көлемінде еңбекақы мен тұрақсыздық айыбын төлейтін болды. Ал моральдық өтемақыны өндіруден сот бас тартты.

«Азат» партиясының Павлодардағы бөлімінің жетекшісі Ермек Әбенов жақын уақытта сот шешіміне қайта шағымданатындарын айтты.