Алматы қаласында қаржы полициясы қызметкерлеріне аса ірі көлемде пара ұсынған кәсіпкер ұсталды. Ол осы арқылы мемлекет алдындағы 840 миллион теңге қарызын төлеуден жалтарып, әрі өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатпақ болған, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.
«Қолға түскен азамат Түркияда туған. «Вулкан» ЖШС-нің директоры болып табылатын оған қатысты салықтан жалтарғаны үшін бұдан бұрын да қылмыстық іс қозғалған. Оның мемлекет алдындағы салық берешегі 840 млн. теңге. Кәсіпкер Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің бөлім бастығы Бекмурзинге қылмыстық істі қысқартуға ықпал етуін сұрап, 20 мың АҚШ долларын ұсынған», — дейді Алматы қалалық ЭҚСЖҚК департаментінің бөлім бастығы Ерлан Егеубеков.
Қылмысы әшкере болған кәсіпкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 312 –ші бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.