Әлемдік қаржы қоры Өзбекстанның экономикалық саясатын мақтады

Халықаралық Валюта қорының басшысы Ташкентке сапарында Өзбекстанның экономикалық саясатын мадақтады.
Францияның ақпарат агентігі әлемдік қаржы ұйымының басқарушы директоры Доминик Штраусс-Канның сөзін беріп отыр. Ол бейсенбі айтқанында, ХВҚ Өзбекстанның экономикалық өсімі осы жылы 7 пайыз болады деп болжанғанын айта келе, ғаламдық дағдарысқа байланысты көптеген елдер рецессияға ұшырап жатқанда бұл жоғары көрсеткіш деген.
Штраусс-Канның айтуынша, Халықаралық Валюта қорының ұсынуымен өзбек үкіметі өте күшті ынталандыру жоспарын жүзеге асырды.
Ресмилердің хабарлауынша, Халықаралық Валюта қорының басшысы бейсенбі күні Ташкентте Өзбекстан президентімен және үкімет министрлерімен кездескен.