Сербияда Орталық Еуропа жетекшілерінің саммиті басталды

Бүгін Сербияда Орталық Еуропа жетекшілері саммит өткізіп, онда ЕуроОдақ интеграциясы, энергетикалық және экономикалық мәселелер талқыланды. Орталық еуропалық 14 елдің жетекшілері үш күндік саммитін Сербияның солтүстігіндегі Новый Сад қаласында өткізіп жатыр. Сербия президенті Борис Тадич Еуропа Одағын Балқан елдерінің одаққа қосылуына қолдау танытуға шақырды.
Бұл саммитке Австрия, Босния, Болгария, Чехия, Хорватия, Италия, Македония, Молдова, Черногория, Польша, Словакия, Словения, Украина мен Сербия елдерінің жетекшілері қатысуда.