Венесуэла президенті Уго Чавес тамыз айында Беларуссияға сапарға бармақшы. Ол туралы Венесуэланың вице-президенті, қорғаныс министрі Рамон Каррисалеспен Минскідегі кездесуі кезінде беларусь президенті Александр Лукашенко хабарлады. Лукашенконың сөзіне қарағанда, өзі мен Чавес телефон арқылы әңгімелесіп, сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Оның ішінде Венесуэлада мұнай өндіру туралы екіжақты жобаға айрықша көңіл бөлініпті.