АҚШ пен Ресей қарулар келісіміне қатысты келіссөз өткізбек

Осы аптада Женевада АҚШ пен Ресей Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі келісімді жаңарту туралы екікүндік келіссөздерін өткізеді. Ресей егер АҚШ шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарынан бас тартса, өзінің ядролық қаруларын айтарлықтай қысқартуға дайын екенін мәлімдеді.

1991 жылы жасалған бұл келісімнің мерзімі биыл желтоқсанның 5-де аяқталады. Екі жақ АҚШ президенті Барак Обаманың шілде айындағы Мәскеуге сапары алдында бұл мәселеде алғабасушылық болады деп үміттенеді.