Еуропа Одағы Беларусь еліне ынтымақтасуды ұсынып отыр. ЕуроОдақтың сыртқы қатынастар бойынша комиссары Бенита Ферреро-Уалднер Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Еуропа Одағы өзара мүддеге негізінде Минскіге көп нәрсені ұсына алады. Лукашенко ЕуроОдақ өкілінің сапарын қызу қуаттап, Беларусь Еуропа Одағымен жақсы қарым-қатынас құрғысы келеді деп атап көрсетті.