«Ақ жол» партиясы ҰҚК мен Бас прокуратураны «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты тергеу органдары жұмысының заңдылығын сақтауды қамтамасыз етуге шақырды.
«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бүгінгі күнге дейінгі беделі мен жетістіктерінде Жәкішев пен оның командасының үлесі бар. Компания мен оның бөлімдерінің осы оқиғадан кейінгі жұмысы туралы ақпараттар осыған дәлел болады. Сондықтан егер бұл іс жемқорлыққа қарсы күрес болатын болса, онда оны тергеуде жоғарыда келтірілген шарттардың сақталуын талап етуге қоғамның құқы бар», — делінген партияның мәлімдемесінде.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанның демократиялық қауымдастығы Мұхтар Жәкішевті үйқамаққа ауыстыруға ұсыныс жасаған еді. Үндеу авторларының пікірінше, Мұхтар Жәкішев қоғамға қауіп төндірмейді. Үндеуге қол қойғандар арасында Болат Әбілов, Мұрат Әуезов, Ермұрат Бапи, Сергей Дуванов, Мэлс Елеусізов, Гүлжан Ерғалиева, Нұрлан Ерімбетов, Ораз Жандосов, Евгений Жовтис, Тамара Калеева, Асылбек Қожахметов, Ирина Савостина және басқалар бар.