Құрама Штаттардың қауіпсіздік кеңесшісі Джеймс Джоунс талибандарға қарсы АҚШ-тың жаңа стратегиясы қалай жүзеге асып жатқанын бақылау үшін Ауғанстанға барды.
Джоунс сейсенбі күні кешкісін президент Хамид Қарзаймен және тамыздың 20-дағы президенттік сайлауға түсетін басқа да кандидаттармен кездеседі.
Вашингтон ресмилері хабарлағандай, Джонус сонымен қатар жергілікті ресмилермен, АҚШ дипломаттарымен, әскери және Ауғанстандағы шетелдік өкілдермен кездесетін болады.
АҚШ президенті Барак Обаманың қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джеймс Джоунс Ауғанстаннан кейін Пәкістан мен Үндістанға да барады деп күтіліп отыр.